418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грек-рим күресінен Азия чемпионатына қатысатын құрам анықталды

  • 416
  • UPD: 16:47, 06.02.2020
Грек-рим күресінен Азия чемпионатына қатысатын құрам анықталды

16-23 ақпан аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді.

Қазақстандық команданың бас бапкері Бақтияр Байсейітов турнирге қатысатын балуандар тізімін жария етті. Әзірге 97 және 130 келіде нақты кімдердің қатысатыны белгісіз, деп жазады Olympic.kz. 

Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын балуандар тізімі:

55 келі: Хорлан Жақанша

60 келі: Айдос Сұлтанғали

63 келі: Ернұр Фидахметов

67 келі: Әділхан Сатаев

72 келі: Ибрагим Магамадов

77 келі: Темірлан Шадукаев

82 келі: Евгений Поливадов

87 келі: Азамат Күстібаев

97 және 130 келіде бақ сынайтын балуандар есімі жақын арада белгілі болады. 

Хабар 24 телеарнасы