420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда ережесіз жекпе-жектен айтулы жарыс өтеді

  • 513
Алматыда ережесіз жекпе-жектен айтулы жарыс өтеді SPARTA

Алтыншы наурыз күні Алматыда ережесіз жекпе-жектен айтулы жарыс өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемнің әр бұрышынан келетін кіл мықтылар «Алматы Аренада» сынға түседі. Олардың арасында Асылжан Бақытжанұлы, Нұрсұлтан Қасымханұлы, Евгений Егембердиев және Артем Резников сиқяты жерлестеріміз бар. Қазір олар соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Дәл осы күні көпшілік жанкүйер көптен күткен Арман Оспанов пен Расул Мирзаевтің де жекпе-жегі өтеді. Арман дәл қазір бапкерімен бірге Дағыстанда жаттығып жүр.

Данияр Қасқарауов, «Алаш Прайд» клубының президенті:

– Көпшіліктің қазір сұрайтыны, кім жеңеді? Кімде мүмкіндік көп деген сұрақ қазір көпшілікті алаңдатып отыр. Бәрі дайындыққа, салмақ қууға байланысты. Техникалық жағынан Арман мықты, бірақ кейінгі жарыстарда функционалдық, яғни шаршап қалу бар. Қарсыласы Мирзаевтің функционалдық қасиеті мықты.

Хабар 24 телеарнасы