428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәурен Абаев: Қазақ күресінің ережесі жинақталған видеонұсқаулық түсіріліп жатыр

  • 671
  • UPD: 15:04, 07.02.2020

Қазақ күресі мектеп бағдарламасына енеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бастама алдағы оқу жылында Нұр-Сұлтандағы 5 мектепте пилоттық режимде сыналады. Кейін еліміздегі орта білім беру мекемелеріне түгел енгізілетін болады. Ал білікті мамандарды дайындау үшін қазақ күресі академиясы құрылады. Бұл туралы федерация Президенті ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты. Биыл елде аталған спорт түрінен 100-ден аса шара ұйымдастырылады. Ең ауқымдылары дәстүрлі «Қазақстан барысы», «Халық барысы», қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты және «Еуразия барысы». Тізімді «Бала балуан» жарысы жалғайды. Тұңғыш рет ұйымдастырылатын доданың ауқымы кең. Оған өз өңірлеріндегі қарсыласын шаң қаптырған өрендер ғана қатыстырылады. Дәурен Абаев төл спортымызды әлемдік деңгейге көтеру жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Тіпті даму картасы да әзірленген.

Дәурен Абаев, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі:

– Қазір әлемдік аренада қазақ күресін атауын өзгерту мәселесі де жиі айтылып жүр. Осы ретте біз зерттеуші ғалымдар тобына қазақ күресіне қатысты терминдерді жүйелеуді тапсырып отырмыз. Жаттықтырушыларға арналған ғылыми-әдістемелік нұсқаулық жарық көреді. Қазақ күресінің ережесі жинақталған видеонұсқаулық түсіріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы