437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қай футболшы жалақыны көп алады

  • 202
Қай футболшы жалақыны көп алады prosports.kz

«Барселона» капитаны Лионель Месси – әлемдегі жалақысы ең жоғары футболшы, деп хабарлайды Prosports.kz L'Equipe журналына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, каталониялық клубпен келісімшарт бойынша аргентиналықтың жалақысы салық төлегенге дейін айына 8,3 миллион еуро құрайды. Жер шарындағы ең көп төленетін футболшылар тізімінің екінші сатысында - Криштиану Роналду. Португалиялық «Ювентусте» айына 4,5 миллион еуро табады. Үшінші орында - Пари-Сен-Жермен Неймар, айына 3 миллион еуро. Сондай-ақ алғашқы бестікке  «Барселона» шабуылшылары, Луис Суарес және Антуан Гризманн кіреді, олардың әрқайсысы айына 3 миллион еуродан сәл аз алады.

Англиядағы ең көп жалақы төленетін ойыншы - «Манчестер Юнайтед» қақпашысы Дэвид де Хеа (айына 1,76 миллион еуро), Германияда - «Бавария» ойыншылары Роберт Левандовски және Филипп Коутиньо, олар айына 1,66 миллион еуро табады.

Хабар 24 телеарнасы