418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барселона» бапкері Мессидің клубтағы болашағына қатысты мәлімдеме жасады

  • 276
«Барселона» бапкері Мессидің клубтағы болашағына қатысты мәлімдеме жасады vesti.kz

«Барселонаның» бас бапкері Кике Сетьен шабуылшы Лионель Мессидің командадан кету мүмкіндігі жайлы ойын айтты, деп хабарлайды vesti.kz.

Мұның алдында аргентиналық ойыншы клубтың спорт директоры Эрик Абидальмен жанжалдасып қалғаны хабарланған.

Лионель Месси «Барселона» басшылығына қатулы жауап қайтарды.

«Месси – айтарлықтай тәжірибелі ойыншы, ол өздігінше шешім қабылдайды. Оның өміріне араласпаймын, әкесі емеспін ғой. Ойыншыларымның бақытты және алаңда мықты етуім керек. Мессидің қанаттанып, келгенде қуанышты болатынын көремін. Ол жаттығуға келгенді жақсы көреді, бұл жер оған ұнайды», - деп келтіреді маманның сөзін La Jugada Financiera.

Хабар 24 телеарнасы