419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хабиб Бенземаға қазақстандық Әли Тұрғанбековке көңіл бөлгені үшін алғыс айтты

  • 415
  • UPD: 22:26, 08.02.2020
Хабиб Бенземаға қазақстандық Әли Тұрғанбековке көңіл бөлгені үшін алғыс айтты

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов мадридтік «Реалдың» ойыншысы Карим Бенземаға қазақстандық Әли Тұрғанбековпен кездескені үшін алғыс білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, 6 ақпанда Әли Тұрғанбеков Испания кубогының 1/4 финалында «Реал» мен «Реал Сосьедад» (3:4) арасындағы матчта болды. Ойыннан кейін Бензема балаға футболкасын беріп, онымен бірге футбол ойнады.

Нурмагомедов те 2019 жылдың желтоқсанында Қазақстанға келгенде Әлимен кездескен. Сол кезде ол да 11 жастағы нұрсұлтандықпен футбол ойнаған. Ал Тұрғанбеков UFC чемпионына ПСЖ ойыншылары – Неймар, Эдинсон Кавани, Килиана Мбаппе және Тиаго Силваның қолтаңбалары бар допты сыйлаған.

Хабар 24 телеарнасы