381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елдос Сметов «Grand Slam» жарысының қола жүлдегері атанды

  • 173
Елдос Сметов «Grand Slam» жарысының қола жүлдегері атанды іnform.kz

Дзюдошы Елдос Сметов «Grand Slam» жарысының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

Бүгін Парижде (Франция) дзюдодан рейтингілік Grand Slam турнирі басталды. «Дзюдошы Елдос Сметов осы бәсекеде қола жүлдегер атанды», делінген федерацияның Facebook-тегі парақшасында. Елдос Сметов жартылай финалға дейін Мохаммед Рашнонужадты (IJF), Янислав Герчевті (Болгария), ширек финалда Дашдава Амартушинді (Моңғолия) жеңді. Алайда, отандасымыз жарыстың жартылай финалында ресейлік Яго Абуладзеге жол берді.

Қазақстандық дзюдошы жарыстың қола жүлдесі үшін оңтүстіккореялық Ким Вон Джуинмен кездесті.

Хабар 24 телеарнасы