424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан хоккейшілері Олимпиада ойындарынан сырт қалды

  • 404
Қазақстан хоккейшілері Олимпиада ойындарынан сырт қалды

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2022 жылғы қысқы олимпиада ойындарынан сырт қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Андрей Скабелкадан тәлім алатын ұлттық команда өз айдынында Польшаға есе жіберді. Қорытынды есеп: 3:2. Қонақтар екі шайба соғып, алға шыққаннан кейін Дастин Бойд таразы басын теңестіріп, кездесуді қыздыра түскен еді. Алайда поляк хоккейшілері мінез көрсетіп, олимпиада жолдамасынан дәмесі бар екенін паш етті. Үшінші кезеңде Мацей Урбанович мергендік танытып, Польшаға жеңіс сыйлады. Енді олар Олимпиадаға іріктеу жарысының шешуші кезеңіне қатысады. Қазақстан төрт жылдықтың басты додасынан тағы да сырт қалды. Соңғы рет жерлестеріміз 2006 жылғы олимпиадаға қатысқан еді. Ұлттық федерация Канада мен Ресейден де хоккейші шақырды. Алайда легионерлер де бапкерлер мен мамандардың арманын орындай алмады.

Хабар 24 телеарнасы