426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық зілтемірші Өзбекстандағы чемпионатта бас жүлдеге ие болды

  • 769
Қазақстандық зілтемірші Өзбекстандағы чемпионатта бас жүлдеге ие болды

Қазақстандық зілтемірші Игорь Сон Ташкентте топ жарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жерлесіміз Өзбекстан астанасында өтіп жатқан Халықаралық бірлік чемпионатында көзге түсті. 61 келі салмақта сынға түскен Сон жұлқа көтеруде 130 келіні таза орындады. Ал серпе көтеруде 156 келіні бағындырып, бабында екенін байқатты. Қоссайыста 286 ұпай жинаған Қазақстан ауыр атлет бас жүлдені еншіледі. Күміс пен қола Малайзия және Түрікменстан спортшыларына бұйырды. Бұл сайысқа еліміздің атынан Соннан бөлек тағы 3 атлет қатысады. Енді жарыс жолына Раушан Мешітханова, Ибрагим Берсанов және Илья Ильин шығады.

Хабар 24 телеарнасы