420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АФК Чемпиондар лигасы: Бауыржан Исламхан ең қымбат 50 футболшының қатарында

  • 453
  • UPD: 12:46, 11.02.2020
АФК Чемпиондар лигасы: Бауыржан Исламхан ең қымбат 50 футболшының қатарында prosports.kz

БАӘ-нің «Әл-Айн» клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан АФК Чемпиондар лигасындағы ең қымбат 50 ойыншының қатарына кірді.

Transfermarkt мәліметі бойынша, Исламхан 3,5 миллион еуроға бағаланып, турнирдің ең қымбат футболшыларының арасында 48-орынға жайғасқан.

Бір қызығы, Исламхан Жапонияның «Виссел Кобесінде» өнер көрсететін әлем және Еуропа чемпионы Андрес Иньестадан миллион еуроға арзан. «Барселонаның» бұрынғы жартылай қорғаушысы бұл тізімде 33-орынға жайғасқан.  

Рейтингте қытай клубтарының өкілдері топ бастап тұр.

АФК Чемпиондар лигасының ең қымбат 5 футболшысы:
1. Оскар (Бразилия, «Шанхай СИПГ» клубы) – 24 миллион еуро.
2. Паулиньо (Бразилия, «Гуанчжоу Эвергранд») – 23 миллион.
3-4. Марко Арнаутович (Австрия, «Шанхай СИПГ») – 20 миллион.
3-4. Талиска (Бразилия, «Гуанчжоу Эвергранд») – 20 миллион.
5. Стефан Эль-Шаарави (Италия, «Шанхай Шеньхуа») – 16 миллион.

Естеріңізде болса, 31 қаңтар күні Бауыржан «Әл-Айн» клубымен келісімшартқа отырған болатын. БАӘ чемпионатында екі ойын өткізген қазақстандық футболшы нәтижелі пас беріп үлгерді.

Дайындаған: М.Асылбек

Хабар 24 телеарнасы