430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аян Бейсенбаев Бразилиядағы халықаралық турнирде үздік бестікке енді

  • 513
  • UPD: 16:16, 11.02.2020
Аян Бейсенбаев Бразилиядағы халықаралық турнирде үздік бестікке енді

Бразилияның Сан-Пауло қаласында триатлоннан Панамерика кубогі аяқталды.

Ірі халықаралық сынға қазақстандық атлет Аян Бейсенбаев та қатысты деп хабарлады Olympic.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша Бейсенбаев бесінші орын иеленді. Ол турнирді 01:01:17 нәтижесімен аяқтады.

Бірінші орынды Мануель Мессиос, екінші орынды Мигель Идальго иеленген. Үздік үштікті аргентиналық Лусиано Таконе қорытындылады.

Хабар 24 телеарнасы