413,26 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық балуан қыздар олимпиада жолдамасына таласады

  • 449
  • UPD: 12:29, 12.02.2020
Қазақстандық балуан қыздар олимпиада жолдамасына таласады

Күрестен Қазақстан қыздар құрамасы олимпиадада барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетуді көздейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бірақ, бұл мақсатқа жету оңай емес», – дейді әйелдер күресі федерациясы президентінің орынбасары Гүзел Манюрова.  Қазір ұлттық құрама еншісінде 2 жолдама бар. Қалғанын алдағы Азия және іріктеу жарыстарынан алу жоспарланып отыр. Бүгінде ұлттық құрама үздіктері елордада соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Әр салмақ дәрежесінде 2-3 үміткер бар. «Физикалық баптары жақсы. Жарақат алғандары жоқ», – дейді Гүзел Манюрова.

Гүзел Манюрова, ҚР әйелдер күресі федерациясы президентінің орынбасары:

– Қазір әйелдер күресінің талап-ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілді. Мәселен, әр салмақта үздік 16 спортшы ғана олимпиадаға жолдама алады. Бұған қоса, салмақ өлшеу рәсімі мен боз кілемдегі белдесудің тәртібі де басқаша. Дайындық барысында осы мәселелерге ерекше мән береміз. Ұлттық құрама лицензиялық жарыстарда сәтті өнер көрсетеді деген үміттемін.

Эльмира Сыздықова, ұлттық құрама мүшесі:

– Бізде лицензия 76-да бар. Мен әлемде лицензия алғам. Енді біз Азияға рейтинг үшін барамыз. Қалай болады қазір айта алмаймын. Бірақ, мақсатым алтын ғой.

Балғын хоккейшілер «Медеуде» мергендік танытты

«Медеу» мұз айдынында шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталды. Бұл жарысқа Қазақстаннан бөлек, Ресей, Өзбекстан және Қырғыз елінен жалпы саны 8 команда қатысуда. Алғашқы турда Алматының «Аюлары» 5:0 есебімен «Рахымжаннан» басым түссе, Шымкенттің «Торнадосы»  Бішкектің «Алға» командасын 9:1 есебімен ойсырата жеңді. Жас өрендеріміздің коньки тебісі көңіл қуантады. Күннің суықтығына қарамастан балғын хоккейшілер ашық аспан астында барын салды. Әсіресе, 12 жастағы Айдар Тоқтасыновтың аяқ алысы тәуір екен. Ұлттық құрама бапкерлері келімсектерге емес өзіміздің осындай талабы зор таланатты жастарға назар салса дейміз.  Жарыс 15 ақпанға дейін жалғасады.

Айдар Тоқтасынов, «Аюлар» командасының шабуылшысы:

– Осы ойын маған ұнады. Мен осы ойында екі гол соқтым. Бәрі жақсы болды. Бізге бірінші орын алу керек.  Біз сол мақсатпен келдік.

Хоккей: «Автомобилист» – «Барыс» 2:4

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасының кезекті жарыс күні «Автомобилистке» қонаққа барып, 4:2 есебімен басым түсті. Елордалықтар Екатеринбург командасынан биылғы маусымда бесінші мәрте айласын асырды.  Алғашқы кезеңде есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін Никита Михайлис «Барысты» алға жетеледі. Алайда «Автомобилист» хоккейшілері екі шайбамен жауап қатып, матчты қыздыра түсті. 39-шы минутта Ииро Пакаринен белсеніп, таразы басын теңестірді. Кездесу тағдыры үшінші кезеңде шешілді. Дастин Бойд пен Роман Старченко айдындағы сан басымдығын нәтижеге ұластырып, «Барысқа» жеңіс сыйлады. Елорда командасы ертең Мәскеу ЦСКА-сына қонаққа барады.

Хабар 24 телеарнасы