Қазақстандық зілтерімші Илья Ильин Ташкентте өтіп жатқан халықаралық бірлік чемпионатында топ жарды, деп жазады Olympic.kz.
102 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ильин қоссайыс нәтижесі бойынша 355 келіні (160+195) бағындырды.
Екінші орынға катарлық Фарес Ельбах жайғасса (353 келі), үздік үштікті Өзбекстан зілтеміршісі Омарбек Шохназаров түйіндеді (341 келі).
Сондай-ақ осы аламанға кімдердің қатысып жатқанын хабарлағанбыз.