430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зілтемірші И.Берсанов халықаралық турнирден күміс медаль жеңіп алды

  • 468
  • UPD: 22:07, 12.02.2020
Зілтемірші И.Берсанов халықаралық турнирден күміс медаль жеңіп алды

Ташкентте ауыр атлетикадан халықаралық бірлік чемпионатында қазақстандық спортшылар бақ сынады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыстың соңғы күнінде Ибрагим Берсанов 387 (181+206) келіні бағындырып, жеңіс тұғырына көтерілді. Ол 109 келіге дейінгі салмақтағы ауыр атлеттер арасында қатысқан болатын. Аталған салмақ дәрежесінде Акбар Джураев (Өзбекстан) 410 кг (189+221) көрсеткішімен жеңімпаз атанды. Ал кореялық Кисам Джионг 361 кг (171+190) нәтижесімен қола жүлдені қанағат тұтты.

Хабар 24 телеарнасы