420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық жеңіл атлеттер Түркия чемпионатына қатысады

  • 588
  • UPD: 15:57, 13.02.2020
Қазақстандық жеңіл атлеттер Түркия чемпионатына қатысады

16 ақпан күні Түркияның Анталья қаласында спорттық жүрістен Түркия чемпионаты басталады, деп жазады Olympic.kz. 

Жарыс бағдарламасына сәйкес, атлеттер 3,5,10 және 20 шақырымға жарысады.

Аталған бәсекеге Қазақстан атынан төрт спортшы қатысады.

Олар: Галина Якушева, Регина Рыкова, Айман Ратова және Диана Айдосова. Спортшылардың барлығы 20 шақырымда сынға түседі. 

Хабар 24 телеарнасы