431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ярослава Шведова теннистен әйелдер құрамасының капитаны атанды

  • 163
  • UPD: 15:12, 14.02.2020
Ярослава Шведова теннистен әйелдер құрамасының капитаны атанды

Ярослава Шведова теннистен әйелдер құрамасын басқарып, ойыншы бапкер ретінде қызметін жалғастырады.   

«Біздің ұлттық құраманы басқару ұсынысын Теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтан қабылдау – мен үшін үкен құрмет. Бұл – өзімді жаңа бағытта көрсетуге, әрі капитан, әрі ойыншы болуды сынауға керемет мүмкіндік. Сонымен қатар бұл үлкен жауапкершілік, сол себептен федерация басшылығы атқарған сенімді ақтау үшін бар күшімді саламын», – деді Ярослава Шведова бөлісті.

Теннисші ана атанған соң аздаған үзіліс алып, жылдың басында ғана кәсіби спортқа қайта оралып, 7-8 ақпанда Больгияда өткен Федерация кубогінің іріктеу кезеңіне Қазақстан құрамасының мүшесі ретінде қатысты.

Ярослава Шведова – теннис бойынша еңбегі сіңірген спорт шебері, Үлкен дулыға турнирінің жұптық санаттағы екі дүркін жеңімпазы.

Ақпарат көзі: ҚТФ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы