447,60 487,00 5.70

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік жастар Илья Ильинмен кездесті

  • 169
  • UPD: 21:23, 14.02.2020

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері ауыр атлетика чемпионы, еліміздің мақтанышы Илья Ильинмен кездесті.

Басқосуда спорт шебері жетістіктерге жету жолындағы қажырлы іс-әрекеті мен жігерлі ұмтылысы туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ өмірде кездесетін түрлі кедергілерді жеңе білу, ұстамдылық пен парасаттылық туралы өзінің көкейге түйген ойларымен бөлісті. Студенттердің түрлі сауалдарына жауап берді. Оларды әсіресе Илья Ильиннің спорттағы бағындырған белестері қызықтырды. Волонтёрлер жылына орай ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты – жастарды спорт пен еңбекқорлыққа баулу. Сондай-ақ жетістігі мол тұлғалардың өмір жолын үлгі етіп, жастардың дұрыс бағыт-бағдар таңдауына көмектесу. Шара соңында Илья Ильинге жоғары оқу орнының «Құрметті профессоры» атағы берілді.

Илья Ильин, ауыр атлет:

– Келесі жолы арнайы әзірлікпен келіп, университет студенттеріне дәріс оқысам деген ойым бар. Сабақты ауыр атлетикадан жаттығу түрінде емес, салауатты өмір салтын ұстану, оны дағдыға айналдыру тақырыбында жүргізсем деймін.

Нұрғайша Садық, студент:

– Бізге өте көп мотивация берді. «Ешқашан берілме» деген сөзі менің жүрегімде қалды.

Хабар 24 телеарнасы