432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дзюдошы Қанат Сейілхан Еуропа Кубогінің қола жүлдегері атанды

  • 626
  • UPD: 23:32, 15.02.2020
Дзюдошы Қанат Сейілхан Еуропа Кубогінің қола жүлдегері атанды

Австрияның Оберварт қаласында дзюдодан ерлер арасында Еуропа кубогі басталды. Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық Қанат Сейілхан қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз жарыста 6 кездесу өткізіп, оның бесеуінде жеңіске жетті. Жартылай финалға дейін қарсылас шақ келтірмеген Қанатты ресейлік Иван Долгих тоқтатты.

Жұбаныш финалында күресуге мүмкіндік алған ол Бразилия спортшысы Эрик Такабатакені иппонмен жеңіп, кіші финалға жолдама алды. Қола жүлде үшін белдесуде Сумябазар Энхтайванды (Моңғолия) вазаримен жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы