445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында зілтеміршілер үш медаль еншіледі

  • 223
  • UPD: 14:32, 16.02.2020
Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында зілтеміршілер үш медаль еншіледі

Ташкентте ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық жас спортшылар үш медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.  55 келіде сынға түскен Абылай Әуелханов 227 келіні бағындырды. Ол жасөспірімдер арасында 2-ші, кіші жасөспірімдер арасында 3-ші орын иеленген.  64 келідегі Гүлнұр Ыбырай 198 келіні (88+110) еңсеріп, күміс жүлдеге қол жеткізген. Ал 61 келіде сынға түскен Ақмолда Сайрамкез қола жүлдегер атанды. Ақмола қоссайыс қорытынды бойынша 267 келіні (117+150) көтерген.  Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты 20 ақпанға дейін жалғасады. 

Хабар 24 телеарнасы