424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азия чемпионатында қазақстандық зілтемірші алтынға қол жеткізді

  • 594
  • UPD: 16:46, 16.02.2020
Азия чемпионатында қазақстандық зілтемірші алтынға қол жеткізді

Ташкентте ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҰОК

67 келіде сынға түскен Сайхан Тайсуев жеңімпаз атанды. Ол қоссайыс бойынша 299 келіні (130+169) бағындырған. 

Екінші орында Индонезия өкілі Мохамад Юсин (298 келі). Үздік үштікті 281 келіні еңсерген Ким Сунджин.

Айта кетелік, бұған дейін Гүлнұр Ыбырай 64 келіде топ жарған болатын. 

Хабар 24 телеарнасы