443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тарихта тұңғыш рет: қазақстандық теннисші ТОП-20-ның қатарына енді

  • 194
  • UPD: 14:35, 17.02.2020
Тарихта тұңғыш рет: қазақстандық теннисші ТОП-20-ның қатарына енді ТАСС

Қазақстанның бірінші ракеткасы 20 жастағы Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде бірінші рет 19-орынға көтерілді.

Санкт-Петербургте өткен Petersburg Ladies Trophy финалында Рыбакина турнирдің екі дүркін жеңімпазы нидерландтық Кики Бертенске 1:6, 3:6 есебімен жол берген. Соған қарамастан қазақстандық теннисші 2141 ұпай жинап, нәтижесінде рейтингте алты сатыға жоғарылады.

Мұндай көрсеткіш еліміздің тарихында бұрын-соңды болмаған. Бұған дейін қазақстандық теннисшілер ТОП-20-ның қатарына енген емес. Тек 2012 жылдың 29 қазанында Ярослава Шведова WTA рейтингінде 25-орыннан көрінген. Естеріңізде болса, Рыбакина биылғы 29 қаңтарда әріптесінің сол нәтижесін қайталады.

Еліміздің өзге теннисшілерінен Юлия Путинцева 34-орыннан 32-ге жоғарыласа (1475 ұпай), Зарина Дияс  63-орнын сақтап қалды (955).

Көш басында 23 жастағы австралиялық Эшли Барти тұр. Ал румын Симона Халеп пен чех Каролина Плишкова екінші және үшінші орындарды өзара бөліскен.

Хабар 24 телеарнасы