432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Зенит» футбол клубы қазақ ойыншыларына көз тігіп отыр

  • 760
«Зенит» футбол клубы қазақ ойыншыларына көз тігіп отыр

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатын қабылдайтын Ташкентте қазір жасөспірімдер арасындағы құрлық сайысы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Зілтемірші қыз-жігіттер бәсекесінде Қазақстанның да жастары жүлде алды. Алдымен 17 жасар Айсамал Сансызбаева қарсыластарынан басым түсіп, алтын медальды мойнына тақты. Сосын 81 келі салмақта сынға түскен Есенгелді Сәпи де үздіктер қатарынан көрінді. Ол жұлқа және серпе көтеруде берілген мүмкіндіктердің бәрін пайдалана алмай, қола жүлдені қанағат қылды. Бұған дейін қазақстандық ауыр атлеттер екі қола және екі күміс медаль ұтып алғанын айта кетейік.

Есенгелді Сәпи, Азия чемпионатының қола жүлдегері:

– Мүмкіндік берілді. Және оны дұрыс пайдаланбадым. Негізі оны жаттығуда көтергенмін. Сәл қобалжыдым. Содан көтере алмадым деп ойлаймын. Келешекте жарыстарға жақсы дайындаламыз. Көк туымды желбіретеміз деп ойлаймын.

«Зенит» Б.Исламханды маусым соңында байқап көреді

Ресей «Зенитінің» бас бапкері Сергей Семак Бауыржан Исламханға қатысты пікірін білдірді. Санкт-Петербург командасының жаттықтырушысы маусым аяқталған соң Қазақстан құрамасының футболшысын байқап көреміз дейді. Семак Исламханнан басқа да қазақ ойыншыларына назар салатынын айтады. «Бауыржан бізбен бірге оқу-жаттығу жиынында болды. Ол өзін жақсы қырынан көрсетті. Біз бірнеше ойыншыны бақылаймыз. Олардың арасында «Зенитке» қажет футболшылар болуы мүмкін. Әзірге олардың аты-жөнін айта алмаймын», – дейді Сергей Семак. Түркияның Билек қаласында жүрген «Зенит» Алматының «Қайратымен»  жолдастық кездесу өткізіп, 3:1 есебімен басым түсті. Қазақстандық команда сапынан Еркебұлан Тұңғышбаев гол соқты.

 

Хабар 24 телеарнасы