425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық велошабандоздар Түркияда өткен бәсекеде тәуір нәтиже көрсетті

  • 729
  • UPD: 13:18, 18.02.2020
Қазақстандық велошабандоздар Түркияда өткен бәсекеде тәуір нәтиже көрсетті

Түркия төрінде дәстүрлі халықаралық веложарыс аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жасөспірімдер арасындағы бәсеке жерлестеріміз үшін сәтті өтті. Әсіресе, алғашқы жарыс күні қазақстандық Елена Манракова үздік үштікке ілікті. Одан кейінгі тәуір көрсеткіш Ульяна Сухо-ребрик  пен Ақпейіл Өсімде. Олар сәйкесінше,  6-шы және 10-шы орындарға жайғасты. Ал екінші жарыс күні Ақпейіл Өсім 2-ші,  Ульяна Сухоребрик 3-ші, ал Диана Бұқанова 4-ші болып мәре сызығын кесті. Осылайша олимпиадалық даярлау орталығының шәкірттері жалпы есепте ең алдыңғы қатардан табылды. Қазақстандық құраманың тағы бір бөлігі дәл қазір Дубайдағы әйелдер арасында веложарысқа қатысып жатыр. Байрақты бәсеке 21 ақпанға дейін жалғасады.

 

Хабар 24 телеарнасы