445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық зілтеміршілер Ташкенттегі Азия чемпионатында тағы үш медаль еншіледі

  • 214
  • UPD: 14:02, 18.02.2020
Қазақстандық зілтеміршілер Ташкенттегі Азия чемпионатында тағы үш медаль еншіледі

Ауыр атлетикадан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының кезекті жарыс күнінде қазақстандық спортшылар тағы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. 

81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Карина Құзғанбаева 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында алтын жүлдегер атанды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 227 келіні бағындыран (101+126).

+81 келіде бақ сынаған Айсамал Сансызбаева Азия чемпионы атанды. Оның көрсеткіші – 249 келі (109+140).

Ал ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Сәпи Есенкелді қола жүлдеге қол жеткізді. Сәпи екі жаттығу қорытындысы бойынша 311 келіні бағындырған.   

Хабар 24 телеарнасы