443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин жарақатына байланысты Шереметамен жақын арада жұдырықтаспайтын болды

  • 484
  • UPD: 09:50, 19.02.2020
Головкин жарақатына байланысты Шереметамен жақын арада жұдырықтаспайтын болды

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин жарақатына байланысты IBF титулы үшін Камил Шереметамен жоспарланған жекпе-жекті тағы да кейінге қалдырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарақат анықталған соң, GGG командасы IBF-тен титулдық жекпе-жекті кейінге қалдыруды өтінді. Кездесу 2020 жылдың мамыр-маусым айларына ауыстырылуы мүмкін.

DAZN өкілдері жекпе-жектің басқа уақытқа ауысатыны жайлы ақпаратты растады. Бірақ Том Леффлер түсінік беруден бас тартты.

Еске салайық, Головкин мен Шеремета жоспар бойынша ақпан айында шаршы алаңда былғары қолғап түйістіруі керек еді. Кейін ол наурыз айына ауысты. Белгісіз себептермен жекпе-жек наурыз айында емес, сәуірде өтеді деп жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы