445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рейньер «Реалға» ауысты

  • 155
  • UPD: 12:47, 20.02.2020
Рейньер «Реалға» ауысты

Мадридтің «Реалы» қысқы трансферде сатып алған ойыншысы Рейньер Жезусты таныстырды.

Бразилиялық жартылай қорғаушы баспасөз мәслихатында қуанышын жасыра алмай көзіне жас алды. 18 жастағы футболшы бала күнгі арманы орындалғанын, сондықтан «Реалға» қосылғанына дән риза екенін тілге тиек етті. Корольдік клуб Рейньерді «Фламенгодан» 30 млн еуроға сатып алды. Келісім-шарт мерзімі 2026 жылға дейін жасалды. Футболшы «Фламенго» сапында 15 матчқа қатысып, 6 доп соқты және екі нәтижелі пасымен көзге түсті.

Хабар 24 телеарнасы