413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісімшарт жасасты

  • 970
  • UPD: 13:29, 20.02.2020
Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісімшарт жасасты

Ол UFC-дегі екінші қазақстандық болады, деп хабарлайды Вести.кз

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов ММА әлеміндегі беделді UFC промоушенімен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы спортшының менеджері Саят Абдрахманов мәлімдеді.

«Arlan MMA Pro командасының мүшесі Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісімшарт жасасты. Осы жаңалықты асыға күткен сіздер мен бауырымды құттықтаймын», – деп жазды ол.

Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісімшарт жасаған екінші қазақстандық спортшы. Бұған дейін M-1 Global чемпионы болған Шавкат Рахмонов беделді ұйымның қол астына өткен. Ол 21 науыз күні Лондон қаласында өтетін UFC Fight Night 171 турнирінде поляк Бартож Фабинскиймен жұдырықтасады. 33 жастағы спортшы мансабында 17 жекпе-жек өткізіп, тек үшеуінде ғана жеңілген. UFC-де 2015 жылдан бері төрт жекпе-жек өткізген. Оңтүстік африкалық Гаррет Маклеллан, америкалық Эктор Урбина және норвегиялық Эмиль Микті жеңсе, бразилиялық Мишель Празеристен ұтылған.

Хабар 24 телеарнасы