429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда алғаш рет су астында нысана көздеуден сайыс өтті

  • 558
Ақтауда алғаш рет су астында нысана көздеуден сайыс өтті

Іс-шараға «Маңғыстау суасты аңшылығы федерациясы» мұрындық болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар теңіз суы құйылған бассейні бар спорт кешенін дайындап, сайыс ережелерін әлеуметтік желіге жариялаған. Байқауға Ақтау, Жаңаөзен және аудандардан 25 мерген қатысты. Жарыс шарты бойынша әр қатысушы аквалангсыз суға сүңгіп, үш метр қашықтықтан нысанаға суасты аңшы құралынан үш рет жебе атады. Бұл ретте оның мергендігі мен шапшаңдығы назарға алынады. Жалпыкомандалық есеп бойынша ақтаулық спортшылар топ жарды. Ал жекелеген есепте Саламат Әлібеков үздік шықты.

Шәміл Темірханұлы, «Маңғыстау Суасты аңшылығы федерациясы» қоғамдық ұйымының жетекшісі:

– Тек суасты аңшылығы емес, суасты спортымен айналысу денсаулыққа өте пайдалы. Өзін физикалық формада ұстауға пайдасы өте көп. Арамызда Ізтілеу деген жігіт бар. Былтыр оқыс оқиғаға байланысты аяғынан айырылған болатын. Өзінің батылдығын көрсетті осы спортта. Басқа спортшылардан кем емес, жақсы нәтиже көрсетті. Алдағы уақытта осындай іс-шараларды тек бассейнде емес, ашық теңізде, ауа райына қарап, судың тұнықтығына қарап өткізу де жоспарымызда бар.

Хабар 24 телеарнасы