420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің күрестен әйелдер құрамасы Азия чемпионатында екі алтын ұтты

  • 616
  • UPD: 23:09, 21.02.2020
Еліміздің күрестен әйелдер құрамасы Азия чемпионатында екі алтын ұтты

Нью-Делиде (Үндістан) күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Әйелдер арасындағы бәсекенің екінші күнінде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

53 келіде күрескен Татьяна Ахметова жарыс жеңімпазы атанды. Ол финалда әлем және Азия чемпионы жапондық Маю Мукаиданы жеңді. 

72 келіде күрескен Жамиля Бақбергенова ел қоржынына екінші қоланы салды. 62 келіде күрескен қазақстандық бұрымды балуан Аяулым Қасымова финалда қарсыласына есе жіберіп, күміске ие болды. Ал 57 келіде күрескен Алтынай Сатылған қоланы қанағат тұтты. Қазақстан әйелдер құрамасы жарысты 2 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдемен құрлықтық біріншілікте жалпы командалық есепте медаль саны бойынша 3-орынмен аяқтады.

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы