432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Канелодан» бас тартқан әлем чемпионы Головкинді басқа салмақта жекпе-жекке шақырды

  • 423
«Канелодан» бас тартқан әлем чемпионы Головкинді басқа салмақта жекпе-жекке шақырды vesti

Екінші орта салмақта IBF чемпионы америкалық Калеб Плант (20-0, 12 КО) орта дивизионда IBF, IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жұдырықтасқысы келеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Планттың сөзінше, оның командасы екінші орта дивизионда WBA (Super) чемпионы Каллума Смитпен белбеулер біріктіретін жекпе-жек өткізу жайлы ұсыныс жасаған және GGG-мен де байланысқа шыққан екен.

Еске салайық, мұның алдында Калеб Плант мексикалық Сауль Альвареспен 2 мамырда жекпе-жек өткізуден бас тартқан болатын. Мұнысын ол мексикалықтың командасы ұсынысты өте қолайсыз уақытта әдейі жасайтындығымен түсіндірді.

Хабар 24 телеарнасы