411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күрес түрлерінен Азия чемпионаты: Қайсанов пен Батырмурзаев финалға шықты

  • 503
  • UPD: 16:35, 23.02.2020
Күрес түрлерінен Азия чемпионаты: Қайсанов пен Батырмурзаев финалға шықты olympic.kz

Нью-Делиде күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Еркін күрес бойынша өткен құрлықтық біріншіліктің екінші күнінде қазақстандық екі балуан финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz. 74 келіде күресетін еркін күрес шебері Данияр Қайсанов финалға жолдама алды. Екінші жолдаманы 125 келіде белдесетін Юсуп Батырмурзаев еншіледі. Ал 86 келідегі Азамат Дәулетбеков пен 92 келідегі Илисхан Чилаев жарыстың қола жүлдесі үшін бақ сынайтын болады.  Азия чемпионатының финалдық кезеңі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:30-да басталады.

Хабар 24 телеарнасы