Қазақстандық балуан Нью-Делиде өтіп жатқан еркін күрестен Азия чемпионатында жеңімпаз болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
120 келіде қазақстандық Юсуп Батырмурзаев финалда моңғолиялық Худербулга Доржхандты 10:0 есебімен жеңді. Ол жартылай финалда ирандық Парвиз Хадибасманжды, ширек финалда үндістандық Сатендерді ұтты. Осылайша, еркін күрестен Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті.