443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» велошабандозы Испаниядағы жарысты жеңіп алды

  • 188
«Астана» велошабандозы Испаниядағы жарысты жеңіп алды prosports.kz

«Астана» намысын қорғайтын даниялық Якоб Фульсанг Испанияда бүгін аяқталған «Андалусия Вуэльтасы» беделді жарысында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соңғы кезеңде 34 жастағы велошабандоз мәре сызығын екінші болып кесті. «Bahrain-McLaren» командасының өкілі Дилан Тенс бірінші орын иеленді. Бірақ жалпы есепте Фульсанг үздік шықты. Қазақстандық команданың тағы бір спортшысы Йон Исагирре төртінші орын алды.

Якоб Фульсанг «Андалусия Вуэльтасы» жарысында екінші жыл қатарынан жеңіске жетіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы