420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


41 нокауты бар Уайлдер алғашқы жеңілісінен кейін ауруханаға түсіп қалды

  • 432
  • UPD: 10:27, 24.02.2020
41 нокауты бар Уайлдер алғашқы жеңілісінен кейін ауруханаға түсіп қалды

Өте ауыр салмақта жұдырықтасатын америкалық боксшы Деонтей Уайлдер (42-1-1, 41 КО) британиялық Тайсон Фьюриден (30-0-1, 21 КО) жеңілгеннен кейін ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады vesti.kz Sportbox.ru басылымына сілтеме жасап.

WBC титулы үшін болған жекпе-жек Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Фьюри қарсыласын үшінші және бесінші раундта нокдаунға түсірді, осыдан кейін жетінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша ұлыбританиялық 31 жастағы боксшы жеңіске жетті.

Уайлдердің құлақ пердесі жыртылып кетті деген күдікпен ауруханаға жеткізген. Сонымен бірге оның ерні де жыртылған.

Бұл – Уайлдердің мансабындағы жалғыз жеңілісі.

Америкалық боксшы айырылып қалған WBC титулын 2015 жылдан бері 11 рет қорғаған еді. 

Хабар 24 телеарнасы