429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 17-орынға көтерілді

  • 778
  • UPD: 15:10, 24.02.2020
Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 17-орынға көтерілді

Елена Рыбакина Дубай турнирінің финалына жетіп тоқтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық теннисші шешуші ойында румыниялық Симона Халеппен кортқа шықты. Алғашқы партия Рыбакинаның пайдасына аяқталды. Жерлесіміз 6:3 есебімен басым түсті. Сосын әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы қарқын алып, қалған екі сетта жеңіске жетті. Есеп: 6:3, 7:6. Ойын екі жарым сағатқа созылды. Симона Халеп Дубайдағы премьер санатындағы турнирде алғаш рет 2015 жылы топ жарған болатын. Ал Елена Рыбакина биылғы маусымдағы төрт жарысында финалға дейін жетіп, әлемдік рейтингтегі жағдайын жақсартып алды. Осы аптадан бастап қазақстандық теннисші 17-орынға көтерілді. Енді 337 ұпай жинаса, үздік он бес ойыншының қатарына да қосылады.

Бүгін Рыбакина Қатар ашық біріншілігін бастайды. Елена алғашқы кезеңде румыниялық Сорана Кырстамен кездеседі. Бұл турнирге Юлия Путинцева да қатысады.

Хабар 24 телеарнасы