439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мадияр Әшкеевтің шаршы алаңға қашан шығатыны белгілі болды

  • 403
  • UPD: 15:55, 24.02.2020
Мадияр Әшкеевтің шаршы алаңға қашан шығатыны белгілі болды

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевтің (14-0, 7 КО) жекпе-жекке дайындықты бастап кетті, деп хабарлады Vesti.kz.

«Сәуірде жекпе-жек, жақсы жаңалық күтіңіздер», - деп жазды боксшы Instagram парақшасында. 

Әшкеев соңғы рет 9 қараша АҚШ-тың Гавайан Гарденс қаласында жұдырықтасып, аргентиналық Родольфо Мартинесті (43-9-3, 16 КО) нокаутпен жеңген. Жекпе-жек кезінде қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді де, аргентиналық боксшы алтыншы раундқа шығаудан бас тартты. 

Осылайша, Әшкеев WBC (USNBC) тұжырымы бойынша бірінші орта салмақта Америка чемпионы титулын жеңіп алды.

Хабар 24 телеарнасы