411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азия кубогы: қазақстандық триатлоншылардың нәтижесі жарияланды

  • 492
  • UPD: 16:48, 24.02.2020
Азия кубогы: қазақстандық триатлоншылардың нәтижесі жарияланды ҚР ҰОК

Триатлоннан Қазақстан командасы Таиландтың Районг қаласында өткен Азия кубогінде бақ сынады. 

Турнирге әлемнің 19 елінен 93 атлет қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz. Жарыс негізінен спринтерлік қашықтықтар бойынша өткізілді.  Кубок қорытындысы бойынша, Қазақстан сапынан ең үздік көрсеткішті Арина Шульгина иеленді. Ол 1 сағат 00 минут 09 секунд нәтижесімен төртінші орынға табан тіреді. Ғазиза Құмақбаева 17-орында. Әйелдер арасындағы бәсекеде жапониялық Аои Курамото мен Сарика Накаяма тиісінше алтын және күміс жүлдегер атанды. Ал канадалық Эми Легольт қола медаль иеленді. 

Ерлер арасында сынға түскен  Семен Пивоваров – 15-ші, Даниил Зубцов – 37-ші, Александр Автушк 39-орында.  Бұл бәсекеде алтын медальді жапониялық Такуми Ходжо жеңіп алды. Күміс пен қола швейцариялық Флорин Сальвисберг пен жапондық Юичи Хосоданың еншісінде.   

Хабар 24 телеарнасы