423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жалғас Жұмағұлов: Қазақ ұлдарының қайсарлығын UFC-де дәлелдесем деймін

  • 1420
  • UPD: 09:45, 25.02.2020
Жалғас Жұмағұлов: Қазақ ұлдарының қайсарлығын UFC-де дәлелдесем деймін Tengrinews.kz

Ережесіз жекпе-жек өнерінің ең биік шыңы UFC десек, кіл мықтылардың басын қосқан әлемдік ұйыммен қазақ ұлы да келісімшартқа отырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни білекті де жүректі жігітіміз Жалғас Жұмағұлов ендігі жерде әлемнің атақты спортшыларымен айқасқа түседі. Бұл күнді жанкүйерлерде спортшының өзі де ұзақ күткені анық. Бүгін журналистермен жүздескен Жалғас алдағы жоспарларымен бөлісті. «Аз күнде виза мәселесі шешіледі. Содан кейін мұхит асып, мамандармен көзбе-көз тілдесіп қайтамын. Одан кейін дайындық жұмысына бірден кірісемін деді. Жерлесіміз UFC-мен 1 жылдық келісімге келген. Яғни бір жылдың ішінде 4 жекпе-жек өткізуі тиіс. Алғашқы кездесуін шілде айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізуі де мүмкін.

Жалғас Жұмағұлов, ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы:

– Көңіл күйім керемет. Өйткені мен көздеген мақсатымның біріне қол жеткіздім. Ендігі арманым – қазақ ұлдарының қайсарлығын UFC-де дәледесем деймін. Жеңістің оңайшылықпен келмейтінін білемін.Ол үшін аянбай тер төгуге бармын.

Хабар 24 телеарнасы