435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық теннисшілер Катар турнирін жеңіспен бастады

  • 91
Қазақстандық теннисшілер Катар турнирін жеңіспен бастады Спорт-Экспресс

Елена Рыбакина Катарда жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дубайда финалға дейін жеткен қазақстандық теннисші бабында екенін байқатты. Премьер санатындағы турнирдің алғашқы кезеңінде жерлесіміз Сорана Кырстадан басым түсті. Алғашқы партияда румын қызы алға шыққан еді. Сосын Рыбакина қарымта қайтарып, қалған екі сетте жеңіске жетті. Бүгін Елена бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен кездеседі. Катар турнирін Юлия Путинцева да жеңіспен бастады. Ол венгриялық Тимео Бабоштан айласын асырды. Есеп: 6:3, 6:4. Путинцева екінші кезеңде Элиза Мертенспен ойнайды.

Хабар 24 телеарнасы