443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық каратэшілер Grand Prix Slovakia турнирінен олжалы оралды

  • 177
Қазақстандық каратэшілер Grand Prix Slovakia турнирінен олжалы оралды

Қазақстандық каратэшілер Словакия Гран-При жарысынан олжалы оралды.

Братислава қаласында өткен халықаралық турнирде ұлттық құрама спортшылары бес алтын ұтып алды. Соның екеуі елордалық жеткіншектерге тиесілі. Жасөспірімдер арасында Николь Ценгель топ жарса, Даниил Кан жастар сайысында жеңіске жетті. Айсұлтан Мәдиев 9 жасқа дейінгі өрендер бәсекесінде үздік үштіктен көрініп, ката бағдарламасында жүлде алды. Биыл 40-шы мәрте ұйымдастырылған Словакия Гран-Приіне 32 елден екі мыңнан аса спортшы қатысты. Бүгін Братислава қаласынан жүлдемен оралған балаларды жолдастары мен жақындары елорда әуежайынан құрметпен қарсы алды.

Хабар 24 телеарнасы