439,09 487,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зинедин Зидан әлемдегі ең мықты бапкерді атады

  • 523
  • UPD: 09:44, 26.02.2020
Зинедин Зидан әлемдегі ең мықты бапкерді атады

Ол әріптесін үздіктер ішіндегі мықтысы деп мойындады.

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан англиялық «Манчестер Ситиді» жаттықтыратын Хосеп Гвардиоланы әлемдегі ең мықты маман ретінде мойындады, деп хабарлайды Вести кз AS-ға сілтеме жасап.

«Ол мұны «Барселона», «Бавария» мен «Манчестер Ситиде» көрсете алды. Үздік бапкерлер көп, бірақ, меніңше ол ең мықтысы», – дейді Зидан.

Айта кетейік, «Реал» мен «Сити» – Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы қарсыластар. Бірінші матч ақпанның 26-нан 27-не қараған түні Мадридте, ал қарымта 17 наурыз Манчестерде өтеді.

Хабар 24 телеарнасы