427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Қазақстан облысында VIII қысқы Универсиада өтіп жатыр

  • 413
  • UPD: 09:33, 27.02.2020
Шығыс Қазақстан облысында VIII қысқы Универсиада өтіп жатыр

Қарлы өлкеге елімізден 12 команда жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған спорттық доданы биыл жастар ойшыл бабамыз Әбу-Насыр-Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арнаған екен. Алдымен жарыс Өскемендегі Президенттік көпсайыстан бастау алды. Қатысушылар өзара мергендіктен, спорттық гимнастикадан,шаңғы жарысынан бақ сынасты. Универсиада барысында Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  қыздар командасы үздік танылды.Ал жігіттерден Солтүстік Қазақстандық команда тамаша сайыс көрсетті. Енді олар Риддер қаласында  биатлонан, шаңғыдан және спорттық бағдарлаудан сынға түседі. Ары қарай Алматыға аттанбақ. Осылайша, Универсиада наурыз айының ортасында қорытындыланады.

Лариса Переверзева, көпсайыс жеңімпазы:

- Мен кішкентай кезімнен бастап шаңғы тебемін. Содан бері спорттан қол үзген емеспін. Әрбір сайыстан соң керемет әсер аламын. Осы жарыс та өте тартысты өтті, ал табиғат тіпті әдемі.

Хабар 24 телеарнасы