445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шинкиокушинкай шеберлері Алматыда жүр

  • 154
  • UPD: 12:34, 27.02.2020

Каратэнің бірнеше түрі бар десек, шинкиокушинкай шеберлері Алматыда жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Балуан Шолақ сарайында басталған Қазақстан чемпионатына еліміздің 10 облысынан және Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларынан 500-ден аса үміткер келіпті. «Бұл – рекордтық көрсеткіш» дейді мамандар. Өйткені елімізде шинкиокушинкай каратэге қызығушылардың саны жылдан-жылға артып келеді. Қазір біздің спортшылар тек құрлықты ғана емес, әлем біріншіліктерінде де оза шауып жүр. Ұлттық біріншілікке екі дүркін әлем чемпионы Людмила Устюгова мен Диас Аманжолов секілді тәжірибелі спортшылардың қатысуы бәс деңгейін жоғарлата түскені анық. 12 жастағы Арсен Теміржаннаның мамандар болашағынан зор үміт күтеді. Тепкенін кұлататын Теміржанның ендігі арманы – жаз айында өтетін дүниежүзілік жарыста топ жару.

Арсен Теміржан, жарысқа қатысушы:

- Мен бұл жарысты асыға күттім деп айтсам болады. Өйткені ұлттық біріншіліктің жеңімпаздары Болгарияда өтетін әлем біріншілігінде бақ сынайтынын білем. Арманым әлем мықтыларының алдын орап, Қазақ елінің көк туын биіктен желбіретсем деймін.

Болат Бақтаев, қалалық шинкиокушинкай федерациясының президенті:

- Биылғы ұлттық біріншілік өте жоғары деңгейде өтіп жатыр деп айтуға толық негіз бар. Әлем және Азия чемпиондарының барлығы қатысуда. Осы жарыста оза шапқан өрендер «ел чемпионы» ғана емес, спорт шебері деген атаққа ие болады. Ал ересектер шілде айында өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Хабар 24 телеарнасы