411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирін өткізуден бас тартты

  • 226
  • UPD: 22:21, 27.02.2020
Қырғызстан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирін өткізуден бас тартты

Күрес түрлерінен Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі тағы да кейінге қалды. Бұл жолы аймақтық лицензиялық жарысты өткізуден Қырғызстан билігі бас тартты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Айта кетелік, Қытайда өтуі тиіс турнир коронавирустың өршуіне байланысты Қырғызстанға ауыстырылған болатын. Алайда 27-29 наурыз аралығына жоспарланған құрлықтық доданы өткізуден Бішкек те бас тартып отыр. 

Қырғызстанның жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, коронавирустың қаупі жоғарылауына байланысты жарыс кейінге қалды. 

Айта кетелік, бұған дейін таеквондодан Олимпиадаға іріктеу бәсекесі Қытайдан Иорданияға ауыстырылды. Сондай-ақ наурызда Оңтүстік Кореяда өтуі тиіс шорт-тректен әлем чемпионаты да белгісіз мерзімге шегеріліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы