447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қысқы универсиада бағдарламасына керлинг қосылды

  • 222
  • UPD: 08:30, 28.02.2020
Қысқы универсиада бағдарламасына керлинг қосылды olympic.kz

Елімізде қысқы универсиада қанатын кеңге жайып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отырған студенттер ойындарының бағдарламасына биыл керлинг қосылды. Қазір осы бір спорт түрімен шұғылданатындардың саны елімізде 5 мыңнан асыпты. Олардың басым көпшілігі – жастар. Алматыда Универсиада аясында басталған керлинг жарысына жоғарғы оқу орындарынан 10 команда қатысуға ниет білдіріпті. Жарыстың салтанатты ашулы рәсімінде сөз алған мамандар осы жарыста көзге түскен спортшылардың ұлттық құрамаға шақырту алатынын жеткізді. Алматы мен Қостанай, және Солтүстік пен Шығыс Қазақстаннан келген керлинг шеберлері енді бір апта бойы өз ара шеберлік байқасады. Әзірше қазақтың спорт және туризм академиясының ұл қыздары турнир кестесінде топ бастап тұр. Универсиада жеңімпаздары 6 наурыз күні анықталады.

Садық Мұстафаев, Қысқы универсиаданың бас төрешісі:

– Елімізде жоғарғы оқу орындарында қысқы спорт түрлерінен дамымай қалғандар бар. Ел президентінің жолдауында берген тапсырмасына сәйкес дамыту жұмыстары басталып, қазақ елінің көк байрағын желбірететін жас спортшыларды дайындау үстіндеміз.

Хабар 24 телеарнасы