447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каратеші Асаділов Австриядағы турнирдің қола жүлдесіне таласады

  • 95
  • UPD: 14:05, 29.02.2020
Каратеші Асаділов Австриядағы турнирдің қола жүлдесіне таласады

Австрияның Зальцбург қаласында кезекті Премьер-лига турнирі өтуде. Бірінші жарыс күнінде ерлер 60, 67, 75 келіде, қыздар 50 және 55 келіде сынға түсті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан командасының үздігі Дархан Асаділов қола жүлдеге таласады. Ол Испания, Италия, Иордания спортшыларын жеңіп, жартылай финалда македониялық Эмиль Павловтан ұтылды. Еркінбек Байтөреев те ширек финалда македониялық спортшыға есе жіберіп, жұбаныш белдесуіне жолдама алды. Сондай-ақ 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Асылбек Мұратов да жұбаныш белдесуінде бақ сынайды. 

Айта кетелік, бүгін тағы бес салмақта спортшылар өзара мықтыны анықтайды.

Хабар 24 телеарнасы