412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ күресінің қауымдастығы құрылды

  • 286
  • UPD: 15:13, 29.02.2020
Қазақ күресінің қауымдастығы құрылды

Елімізде қазақ күресінің қауымдастығы құрылды. Оны Кәрім Мәсімов басқарады. Бұл туралы қауымдастықтың алғашқы конгресінде айтылды.

Жиында сөз алған Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті Алик Шпекбаев саланы қаржыландыру, ортақ форма және бірыңғай ереже құру мәселесін көтерді. Ал Бейбіт Ыстыбаев жастар мен ересектер күресін жекелей дамыту жайын көтерді. Қордаланған түйткілдер қауымдастыққа үлкен міндет жүктеп отырғаны анық. Шара соңында бірқатар ұйымдар ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Басты  мақсат - төл спортымызды олимпиада ойындарына қосу. 

Айбек Нұғымаров, екі дүркін «Әлем барысы»:

- Қазақ күресінің соңғы он жылдың ішінде кішкене ары тартып, бері тартып, бөлісу болды. Бірақ, бүгінгі күнде біріккені мен үшін, қазақ күресінің спортшылары үшін қуантарлық жағдай. Кәрім Қажымқанұлының алдағы жұмыстарына сәттілік тілеймін. Ата-бабамыздан қалған бір сөз бар ғой «бөлінгенді бөрі жейді» деген. Бөлінбей бірлесе жұмыс істесек, талай белестерді бағындырып, қазақ күресін олимпиадалық деңгейге жеткіземіз деген ойым бар.

Хабар 24 телеарнасы