428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» – футболдан Қазақстан суперкубогының иегері

  • 466
  • UPD: 21:46, 29.02.2020
«Астана» – футболдан Қазақстан суперкубогының иегері Prosports.kz

Былтырғы ел біріншілігінің чемпионы Қостанайда өткен матчта Қазақстан кубогының жеңімпазы қызылордалық «Қайсармен» кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Матч тікелей эфирде «Хабар» телеарнасынан көрсетілді. Гол авторы – команда қатарына биыл ғана қосылған Пиерос Сотириу.

Айта кетейік, бұл – «Астана» футбол клубының тарихындағы бесінші суперкубок. Бұған дейін 2011, 2015, 2018 және 2019 жылдары мәртебелі жүлденің иегері атанған болатын.

Хабар 24 телеарнасы