426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«ПСЖ» – «Боруссия» кездесуі көрермендерсіз өтуі мүмкін

  • 328
  • UPD: 15:27, 01.03.2020
«ПСЖ» – «Боруссия» кездесуі көрермендерсіз өтуі мүмкін prosports.kz

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «ПСЖ» мен дортмундтық «Боруссия» арасындағы кездесу коронавирусқа байланысты көрермендерсіз өтуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Франциядағы коронавирус жұқтырған адамдар саны жүзден асты. Париждік команданың басшылығы ойыншылары үшін алаңдауда. Ойыншылар матч алдында қарсыластарының қолын ұстап амандаспайды. Тіпті микст-зонада футболшыларға сұхбат беруге болмайды.

Естеріңізге салатын болсақ, «ПСЖ» мен «Боруссия» кездесуі 11 наурызда Парижде өтеді.

Хабар 24 телеарнасы