423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» футболшылары Қазақстан Суперкубогін жеңіп алды

  • 482
  • UPD: 19:05, 01.03.2020
«Астана» футболшылары Қазақстан Суперкубогін жеңіп алды

«Астана» футбол клубы жаңа бас бапкері Михал Билектің жетекшілігімен Қазақстан Суперкубогін жеңіп алды.

Осылайша 54 жастағы чех маманы Қазақстан Суперкубогінде жеңіске жеткен 12-бас бапкер атанды. Бұл атақты тек бір маман ғана екі рет жеңіп алған. Ол ресейлік бапкер Владимир Муханов.

Барлығы 13 жеңістің 10-ы шетелдік мамандарға, 3-еуі қазақстандықтарға тиесілі. Қазақстан Суперкубогін жеңіп алған отандық үш маман - бұл Вахид Масудов, Владимир Никитенко және Григорий Бабаян.

Хабар 24 телеарнасы